13.02.2022
  130


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ДОСТАРЫМА

Əрқайсымыз – бір асылдың бөлігі,
Əрқайсымыз – тамшы тердің төлімі.
Əрқайсымыз – шумақтарын құрайтын,
Жас ақынның жаны ғашық өлеңі.
Əрқайсымыз – бақыт тауып арманнан,
Атырамыз ақниетпен таңды алдан.
Əрқайсымыз – арналы өзен толқыны,
Шөлдегенде ақ шəрбатын арнаған.
Жақсылыққа құштарланған жанымыз,
Үні бөлек болғанмен бір əніміз.
Бас пен кеуде жаралғанмен əртүрлі,
Бір тілекке қауышамыз бəріміз.





Пікір жазу