13.02.2022
154

ЖОЛ
Кер маралдың бауырындай ағарып,
Таң келеді шығыс жақтан жаңарып.
Мен де келем таң нұрына бөленіп,
Ұзақ жолға жолаушы боп саналып.
Ғасырлардың жылдарында шыңдалып,
Жатқан жолда сырлар бар-ау тыңдарлық.
Əлі келем, менен кейін оянған,
Ұясына демін алды күн барып.
Қанатты құс, жүгірген аң, барша адам
Жете алмастан жол шегіне шаршаған.
Жолдай ұзақ болсайшы адам өмірі,
Деген менің арманым бар аңсаған.