13.02.2022
218
АЯКӨЗ
Жырауларда жырланбаған,
Өткізсе де ауыр күн.
Махаббаттан құрбан болған,
Атысың-ау, арудың.
Толқыныңнан тұнып аққан
Шөлдегеннің шөлі қанар.
Нұрлы жүзі күлім қаққан,
Елестейді сырлы жанар.
Бақыт таңы атқанынша
Тағдыр күзі солдырған.
Сылдыр-сылдыр қаққаныңша,
Сыр айтсаңшы сол қыздан.