13.02.2022
  136


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚАР ЖАУҒАН СОҢ

Жамбасын табиғаттың сызға малып,
Үскірік ентігеді қызбаланып.
Қоңыр күз қонып өткен дала жонын
Қойғандай көрінеді тұзға малып.
 Жамылып мұз көрпесін көл беттері,
Жатыр ғой жасырынып «көр, – деп, – мені».
Дала аңы, өрген малдың тұяғымен
Тіршілік жазулары өрнектелді.





Пікір жазу