13.02.2022
165
ЖАҢБЫР
Жан сəулемдей тұрған жаңа күліп күн,
Жасырынды ар жағына бұлттың.
Сонда айдаһар ашуланып күрілдеп,
Жалаңдатты жалын атқан тілін кеп.
Айбарынан кетті сайға тас аунап,
Жапырақтар жаутаңдады жасаурап.