13.02.2022
  114


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ШІЛДЕДЕ

Шағырмақты ұнатпай,
Түсі қашқан ырғайдың.
Қуырылған құлақтай,
Жапырағы қурайдың.
Желге ойнағыш шаң шашы,
Жер бетінде татыр көп.
Кей бұлақтың арнасы
Кеуіп жатыр тақыр боп.
Оқтын-оқтын құйын бар
Опыратын түбірді.
Оқыралап сиырлар
Суға қарай шұбырды.
Түс кезінде көріңіз,
Қызыл шоқтай қызған жар.
 «Тотығар, – деп, – өңіміз»,
Үйден шықпас қыздар бар.





Пікір жазу