12.02.2022
  237


Автор: Абдрахман Асылбек

Жаңа жыл

Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Көрікті, көрікті,
Аяз ата келіпті.
Беріп жатыр таратып,
Алма, анар, өрікті.
Дала нұр, дала нұр,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Шырша жаны көңілді,
Билеп барлық бала жүр.





Пікір жазу