12.02.2022
  196


Автор: Абдрахман Асылбек

Жаңа қар

Сүйінші, балалар,
Ақ ұлпа жаңа қар
Қаптады жерді.
Жығылып, тұрып,
Қарменен ұрып,
Ойнар кез келді.
Сүйінші, балалар,
Ақ ұлпа жаңа қар
Жоқ қылды шаңды.
Айнала қандай,
Атқан нұр таңдай
Жасарып қалды.
Сүйінші, балалар,
Ақ ұлпа жаңа қар
Шық дейді үйден.
Қысқы ауа таза,
Бойыңды жаза,
Шаңғы теп, үйрен!





Пікір жазу