12.02.2022
214
![](/uploads/shorttexts/author_image/image[2].jpg)
Жаттығу
Көрген кезде таң қалғам
Қимылына бірден мен.
Сөйтсем, Арман аңдардан
Жаттығуды үйренген.
Өзіміздің мысық боп,
Елден бұрын тұрады.
Салқын суға түсіп кеп,
Беті-қолын жуады.
Төсек орнын жинап боп,
Бастайды ол ойынын.
Ұзын сирақ жираф боп,
Созады кеп мойынын.
Арман бірде көжек боп,
Секіреді секеңдеп.
Жүгіреді безектеп,
Желді қуып жетем деп.
Болып кейде ақ ,
Тыным таппай күндікке,
Секілденіп нақ құйын,
Айналады турникте...