12.02.2022
  174


Автор: Абдрахман Асылбек

Айнат

Десең сен кімді:
Өнерлі, әйбат?
Өзгеге үлгі,
Ол – біздің Айнат.
Десең сен:
– Қойған
Етікті майлап..
Доғарып ойнын,
Тыңдайды Айнат.
Десең сен:
– Шәйді
Кәнеки, қайнат,
Түсініп жайды,
Құптайды Айнат.
Десең сен:
– Жаным,
Бөлмені жайнат,
Еденнің шаңын
Сүртеді Айнат.
Десең сен:
– Келіп,
Бөбекті ойнат,
Ойыншық беріп,
Құптайды Айнат
Десең сен:
– Енді
Әніңді сайрат,
Ұйытып елді,
Шырқайды Айнат.
Десең сен кімді
Өнерлі, әйбат?
– Өзгеге үлгі,
Ол – біздің Айнат.





Пікір жазу