12.02.2022
  157


Автор: Абдрахман Асылбек

Жалқау

Көктемде мен апаммен
Көшет ектім күн ұзақ.
Қарындасым ағаммен
Ойнап кетті тым ұзап.
Жазда егінді саралап,
Жұлдық арам шөптерін.
Қарындасым аралап
Кетті таудың бөктерін.
Қарындасым күз күні
Көрсеткендей келісім,
Деді:
– Енді біз мұның
Бірге жейміз жемісін».





Пікір жазу