meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.02.2022
  256


Автор: Абдрахман Асылбек

Әнші

Тұрып алаң-елеңде,
Болат басты ыңылға.
Әлде, жаңа өлең бе?
Түсінбедік шынында.
Не де болса құлақта
Таппады бір күй тыным.
Ал, бірақ та, бірақ та,
Шырқы кетті ұйқының.
Біле алмадым Ыңылдап,
Жылағанын қаншалық.
Қарындасым жымыңдап:
«Отыр, – деді, – ән салып».





Пікір жазу