meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.02.2022
  233


Автор: Абдрахман Асылбек

Майлар

Крем, опа-далабың
Болатқа оның бәрібір.
Кез келгенін жағады,
Дей алмайсың «әрі жүр».
Күнде тұрар кезінде
Бетке жағып тіс майды,
Тісін жуар кезінде
Беттің майын ұстайды.
Жағады ол жайменен
Етігіне шаш майды.
Кейде етік майменен
Шашын бояп тастайды.





Пікір жазу