12.02.2022
  149


Автор: Абдрахман Асылбек

Қолқанат

«Біздің Болат қолқанат», –
Десе папам болғаны-ақ,
Тындырамын бар істі,
Тыным таппай жорғалап.
Көмектесем мамама,
Көмектесем ағама.
Жараспайды жалқаулық
Ақылы бар балаға.
Отынды да жарамын,
Дүкенге де барамын.
Үлкендерге осылай
Мен қолқанат баламын.





Пікір жазу