12.02.2022
  189


Автор: Абдрахман Асылбек

Демалыстан соң

Өлкемізді аралап,
Ұлан-байтақ, кең, алып,
Қош келдіңдер, балалар,
Жазда жақсы демалып.
Кемерінде шайқалған
Көлдерді де көрдіңдер.
Жасыл желек жайқалған
Белдерін де көрдіңдер.
Балбыраған мәуесі
Бауларын да көрдіңдер.
Көк тіреген төбесі
Тауларын да көрдіңдер.
Бір шыңға асқан бір шыңнан
Өрлерін де көрдіңдер.
Еңбек етіп құлшынған
Ерлерін де көрдіңдер.
Аспанға ұшып ағалар,
Ғарышқа аяқ басқаны –
Сендер үшін, балалар,
Бәрін жасап жатқаны.





Пікір жазу