meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.02.2022
  643


Автор: Абдрахман Асылбек

Жас сарбаз

Не бір суық күз өтіп,
Бұрқасынды, боранды,
Отан шебін күзетіп,
Сарбаз елге оралды.
Аяғында етігі,
Белінде әсем белдігі.
Жалтыраған түймелі,
Жарасып тұр шинелі.
Қандай жақсы жүрісі?
Қандай ғажап тұрысы?
Күлімдеп тұр Оралбек,
Мен де сарбаз болам деп.





Пікір жазу