meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.02.2022
  237


Автор: Абдрахман Асылбек

Трактор

Дала төсін тілімдеп,
Тоқтамайды трактор.
Қарайды інім күлімдеп,
Байқауымша ұнап тұр.
«Аға, – дейді, – маған да
Алып берші трактор.
Мен де айдаймын барам да,
Тетіктерін бұрап бір».
Деймін: «Шықсаң адам боп,
Жақсы талап тым-ақ бұл.
Меңгермесең маман боп,
Тіл алмайды трактор.





Пікір жазу