12.02.2022
175
Саққұлақ
Қашан көрсең Тыңбайды,
Көк шыбықты ат қып ап,
Үйінде бір тұрмайды,
Күні бойы шапқылап.
Сабақ сұрап мұғалім,
Шақырса сол Тыңбайды,
Тосады да құлағын,
Сыбыр сөзді тыңдайды.
Бір тыңдап, бір ымдайды,
Ондай кезде тапқыр-ақ.
Сондықтан біз Тыңбайды
Дейтін болдық «Саққұлақ».