12.02.2022
182
![](/uploads/shorttexts/author_image/image[2].jpg)
Жасырынбақ
Ойнайық деп жасырынбақ,
Інім сұрап қоймады.
Сөйтті-дағы ақырындап,
Тығылуды ойлады.
Содан кейін: «болдым, аға,
Ал, көзіңді жап», – деді.
Жамыла сап тонды ғана:
«Қайда тұрмын, тап?» – деді.
Айла, амалын асырғанмен,
Бәз-баяғы, баяғы.
Кеуде жағын жасырғанмен,
Ашық қалды аяғы.