12.02.2022
  203


Автор: Абдрахман Асылбек

Жоқтығынан көпірдің

Ағам өтсе, қалайда,
Мен де өтем деп секірдім.
Секіргенмен не пайда?
Құлап қалып, өкіндім.
Булығып тек ызамен,
Жас іркіліп көзіме,
Дей салдым мен:
«Тұрған ем
Шомылғалы өзім де».





Пікір жазу