12.02.2022
  162


Автор: Абдрахман Асылбек

Гүл

Асан мен Үсен гүл екті
Алқызыл, сары, көкпеңбек.
Түрініп жеңді, білекті,
Ерінбей ұзақ етті еңбек.
Тіккендей гүлді кестеге,
Асан мен Үсен жатпады.
Таңертең, түсте, кешке де
Суарды, күтті, баптады.
Жайқалып жазда гүл тұрды,
Ауланың іші құлпырды.





Пікір жазу