12.02.2022
224
Болаттың әдеті
Ауылға келсе атты адам,
Тұп-тура соған беттейді.
Сол үшін ұзап қақпадан,
Сол үшін Болат кетпейді.
Тұрмайды, сірә, кімге ұнап
«Қонақжай» ісі Болаттың?
Шабады екен ол, бірақ,
Атына мініп қонақтың.