meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.02.2022
  199


Автор: Абдрахман Асылбек

Лақ

Мойнын иіп төменге,
Селтеңдетіп құлағын,
Қарғып кетті өзенге
Ахметтің лағы.
Десе керек Ахмет,
Сол бетімен құлады.
Көзіне тез жасы кеп,
Отыра ғап жылады.
Жардың арғы бойында
Қалтаңдап қос құлағы,
Еш нәрсе жоқ ойында,
Жайылып жүр лағы.





Пікір жазу