12.02.2022
  180


Автор: Абдрахман Асылбек

Мысық

Бір күні Бақберді
Алды да дәптерді,
Суретін тышқанның
Айнытпай сап көрді.
Дегендей жатпа енді,
Ойнаңдар бақта енді,
Көрсін деп тышқанды,
Мысығын ап келді.
Тышқанға ол тап берді,
Жалма-жан шап берді.
Жұлам деп жұлынын,
Дәптерді қақ бөлді.


 





Пікір жазу