12.02.2022
  209


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

БƏЙТЕРЕГІМ – БИIГІМ БИІКТЕН ДЕ

Биігіңдi сыйлашы сүйiп демде.
Көмей де – əн, көңiлде күй күмбiрлеп,
Өлгенде де жатармын сүйіп мен де.
Өзің бар да қонақтар ұям дайын,
(Қиялыммен қызықты қияндаймын).
Көрiндің-ау көзiме бұлбұл ұшқан,
Көзімді іліп кетсем де қиялмаймын.
Көрінбей жазықтан да қиялардан,
Болып жүрген кезiңде қиял-арман.
 Шыныменен сен бе едің аңыздағы,
Шыңырау1 құс басыңа ұя салған.
Шыныменен сен болсаң, қолға аламын,
Байжiгіт боп күй арнап, толғанамын.
Бүйiрiмнен тиіссе əлдебipey,
Бөрідейін түн қатқан долданамын.
Бəйтерегiм басыңда көгілдiр ту,
Бауырыңда қағады өмiр бүлкіл.
Жаман көзде жоқ емес сұқтанатын,
Айналдырып селеуге егіндi кіл.
Сенің тұлғаң сəн берген жыр айдынға,
Сəулесi бар тұлғаңда Күн, Айдың да.
Жыр құсын ұшырамын ұшар көкке,
Уақыттан саулық, шабыт сұраймында.
Көрінесің көгімнің ғарышы боп,
Көсілетін алдымда жарысым боп.
Елордасы төріңде тұлғаңды айтам,
Егемендi елiмнің табысы деп.
Бақ орнатып елiме əр төбемнен,
Бал ұсынар байлығым Арқада өнген.
Астанада аспандап көрiнетін,
Əнмен бipгe шырқалған мəртебем сен.
Тұратындай көңілге нұр құйып сүт,
Асығады алқынып жыр – жiгіттiк.
Бəйтерегiм тыңдашы,
Тура өзiңдей –
Керек ендi ақынға бip биiктік!





Пікір жазу