КЕРЕМЕТТЕН КЕРЕМЕТ
Есіл жатыр дем алып жиі ағыстан,
Емін-еркін шағала құлап ұшқан.
Зəулім үйлер суреті су бетінде,
Шалынады көзіңе тым алыстан.
Құдай өзі сəтін сап қолдағандай,
(Жамандықтан бəйек боп қорғағандай).
Саялары келеді жасылданып,
Самырсыны Баянның орнағандай.
Сарыбалақтар келеді əр ізде өніп,
Бозбаладай мұртына маңыз беріп.
Боз жусанның орнынан бой көтерген,
Бесқарағай орманы тəрізденіп.
Құдай өзі сəтін сап қолдағандай,
(Жамандықтан бəйек боп қорғағандай).
Бурабайда буыны мың бұралған,
Аққайыңы Көкшенiң орнағандай.
Отырса да айтарын құрап ойдан,
Сəкен аса алмады бip Абайдан.
Кенесары тұлпарын булықтырып,
Келе жатқан сияқты Бурабайдан.
Армандаған ойларын жалғастырып,
Алға қарай жетелеп талмас үмiт.
Асқақ ойдың саналған үш биi отыр,
Астананың төрiнде малдас құрып...
Көңіліне тiлеген сай керегі,
Көшесiнен Астана ай көредi.
Miнe осындай Қазаққа мақтан болып,
Көрiнедi Астана Бəйтерегі.
Шықсаң оған жетесің ақша бұлтқа,
Мақтанышпен қарайсың басқа жұртқа.
Алақаны секілдi Бостандықтың,
Алып ұшып тұрасың жас қалыпта.
Адамдардың жауы емес, досы құмар,
(Асқақтаған көңілдің қошы қылар).
Алдымызда биiктік болар талай,
Біздер күткен Биіктiк осы шығыр.
Гималай мен Анттың керегі жоқ,
Алатаудың олардан берерi көп.
Бұдан асқан əлемде биiктiк жоқ,
Tipeп тұрған аспанды Терегім боп.
Бəйтерегім күткенiм көп ғасырдан,
Сенi тосып денеме шоқ басылған.
Сенi күтіп сең соққан балықтай боп,
Cepгiп əзер айыққам соқтасыннан.
Бəйтерегім көрiндiң көктемiм боп,
Жетемін деп қолтықтан сөккенiмде ет.
Аңсағаным, арманым өзiң болып,
Артқаным жоқ өзіңе текке мiндет.
Артқаным жоқ өзіңе текке мiндет,
Күйiгінен апиын шеккенiм жоқ.
Темiр етік – теңгедей, темiр таяқ –
Тебендей боп....
Өзіңе оңай жеткемiн жоқ.