ТОҚТАҒҰЛДЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҒАУЫ
Тоқтағұл ақын мен едім,
Тозақтан қашып жөнедім.
Тор құрған зұлым патшаның,
Торынан шығып келемін.
* * *
Ақ сүтін берген анамды,
Шығармадым санамнан.
Тоқтағұл
Ермегенге ердім ғой,
Көрмегенді көрдім ғой.
Жүз тіріліп, жүз өліп,
Итжеккеннен келдім ғой.
Төрт түлікті қырларым,
Төкті маған нұрларын.
Тобықтай болды Тоқтағұл,
Толғай, толғай жырларын.
Аштыққа да шыдадым,
Тоқтыққа да шыдадым.
Сағынғанда анамды,
Шыдай алмай жыладым.
Сендік менің жыр, əнім
Мендік сенің бұлағың.
Сенің басқан жеріңнен
Кездеседі жұмағым.
Ой-перісі талаған,
Айналайын жан анам.
Мен дегенде көңілің
Кең ғой мынау даладан.
Жүрдің маған алаң боп,
Шарпығанда балаңды от.
Мынау жарық əлемде,
Сендей ыстық адам жоқ.
Менің биік терегім,
Мейірбаным сен едің.
Мынау жарық дүниеде
Саған ғана сенемін.
Сен, сен едің, сен едің,
Сағынып мен келемін.
Қырғыз қызы сен болсаң,
Қырғыздың ұлы мен едім.
Айналайын жан анам,
Ақ жаныма балаған.
Қанша айтсам да бітпейтін,
Ғасырыма дара əн.
Басты талай тауды мұң,
Қалай екен саулығың?
Мені айдатқан жалдаптар
Жасамай ма жаулығын?
Қырғыз қызы сен едің,
Қырғыз ұлы мен едім.
Салбурыл боп дариға-ай,
Сағынумен келемін.
Жалғызың едім, жабықтым,
Жылуы жетпей жарық күн.
Əкемнен қалып ертерек,
Тақ тіземнен тарықтым.
Тақ тізеңнен тарықтың,
Тау-ойыңды жарып мұң.
«Халық жауы» атады,
Не екенін білмей халықтың.
Атаңа нəлет, бай-манап!
Жүрген жолы тайғанақ.
Қырғыз боп жүріп амал не?
Құртты ғой елді,
«Ай, қарап!»
Ақ жаныма балаған,
Айналайын, анажан.
Қуқыл тартып жеттім ғой,
Қуғын көріп жаладан.
Сүйіне де күйіне
Келдім туған үйіме.
Бір өзіңе жетпейді
Мына жарық дүние.
Жердің алуан гүлі де,
Барлық бұлбұл үні де.
Анам саған жетпейді
Ай мен анау Күні де.
Түгемейді жыр біздің,
Түгемейді сыр біздің.
Батыр Манас анасы,
Қызы емес пе қырғыздың?!
Міне осындай ананың,
Мен баласы боламын.
Қарсы жүзем қалай да,
Болса дағы долы ағын.
Ер анадан туады,
Ат-енеден шығады.
Деген менің ұлы елім,
Толқытқан сөз бұлағын.