12.02.2022
318
Айдостың есебі
Айдос 5 дүкенге кіріп, қалтасындағы бүкіл ақшасын жұмсайды. Әр дүкенде, сол дүкенге кірер кездегі ақшасының жартысынан 1 теңге артығын жұмсайды. айдостың үйінен шығар кезде қалтасында қанша теңге бар еді?
жауабы -
Айдос соңғы дүкеннен шыққанында ақшасы мүлдем қалмағанына қарағанда, сол дүкенге кірерде жартысы 1 теңге болатын ақшасы бар деген сөз. Яғни екі теңгесі қалған еді. Мұнан алдыңғы дүкендерге кеткен ақшаны есептеу үшін бұл ақшаларға 1 теңге қосып, 2 ге көбейтсек, Айдостың әр дүкенге кірер кезде қалтасында қанша ақша болғанын табамыз.
4- дүкенде: 2 (2+1)= 6 теңге
3- дүкенде: 2 (6+1)= 14 теңге
2- дүкенде: 2 (14+1)= 30 теңге
1- дүкенде: 2 (30+1)= 62 теңге
логикалық сұрақтар балаларға арналған логикалық сұрақтар балаларға арналған жұмбақтар жауабымен балабақша жұмбақтар есеп ақша