12.02.2022
  179


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЖОРЫҚ ЖОЛЫНДА

Есім хан көп ойланды, көп толғанды,
Еңселі Ордасында
деп толғанды:
«Сарыарқа сапырылған ат тұяғы....»
(Уайымнан тұла бойы от боп жанды).
Серкедей жігіттері жаушы болған,
Қағажу тартты ойдағы қаршыға арман.
Мінеки екі ай болды,
Ешбірінен
Хабар жоқ, жіберген сол жаушылардан.
«Оларға артқан арман сөнді ме екен,
Құдайдың жазғанына көнді ме екен?
Адасып ауыл таппай, айдалада
Жем болып ит пен құсқа, өлді ме екен?»
Осылай ұйқы да жоқ талай түннен,
Жанына халық қамын балай білген,
Қазақтың Есім ханы емес пе бұл,
Ордасы жұбатпайды арай күлген.
Созылған соқталанып сан ғасырға,
Ой ғана күні-түні Хан қасында.
Жыланның уындай боп үйірілген бал,
Құсжастық батты тастай жамбасына...
Осы сəт шықты ерекше ат дүбірі,
Құлақ сап, Есім оған қатты үңілді.
Аздан соң үздік-создық жетті бəрі,
Қазақтың берекелі – жақсылығы.
– Байтөбет, Мұқат, Борлы, Елек батыр1
,
Бастаған батыстан қол келе жатыр.
Шығыста Барқытбелдің2 қазақтары,
Өзара бірігумен алуда тіл.
1 Кіші жүз батырлары. 2 Тарбағатайдың бұрынғы атауы.
 Ошыбай1
, Алмажай4 мен Ағынтайлар5
,
Толағай6
, Алатау7 мен Қаратайлар8
.
Кірісті тобын бастап, – дей бергенде,
Сарбаз бен жетті суыт Қарасайлар.
«Үш жүзге бөлінсек те, ел екенбіз,
Осылай арта берсін берекеміз.
Күндерде мынау байтақ даламызды,
Қора тыныш, қойы көп ел етеміз!» –
Деді де өсті еңсесі Есім ханның,
Тапсырды Алмажайға Есіл маңын.
Ошыбай, Алатаудай батырларға
Қорғауға берді Торғай, Тосын жағын.
Толағай – Тобылғысай, бала ертіске,
Қаратай – Құсмұрын2
, Қара ертіске,
Қол бастап қалмақтармен салды айқас,
Оларда бой бермейтін жан емес пе?
Боғдадан келді кəрі-жасы қалмай,
Қазақты қанға бояп басынғандай.
Торғауыт түмендері арта түсті,
Арқада əкесінің басы бардай.
Тағдырың ысқырғанда жылан болып,
Кетеді жылқы түзде құлан болып.
Халықты торлағанда сұм қасірет,
Жатады кең далаға тұман толып.
Елі үшін саңлақтанды сан ойранда,
Алмажай қаза тапты қан майданда.
Қайғырды Сарыарқада басын шайқап,
Қазақтар «апыр-айлап!» таңдай қаға.
Алмажай оқтан қайтпас батыл екен,
Қормалы болған жұрттың ақылы екен.
1,4,5,6,7,8 Орта жүз батырлары. 1 Өскеменнің байырығы аты.
 Қапысын тауып бірде қоршауға алып,
Өлтірген оны Ойған батыр екен.
Бояса қызыл қанға жау еліңді,
Қалайша күңірентпейсің əуеніңді?
Аталы ауылды жау жайпағанда,
Ағызып тасынан су тау егілді.
Осындай күйге түскен қалың елім,
Тағдыры тарихымен мəлім елім.
Шығарған осы тұста Қожаберген,
«Елім-ай» шерге толы əнім едің.
II
Ойраттың тобы келді бет қаратпай,
Екпіні ну қамысқа жеткен оттай.
Ағынтай қолы осыдан жеңіліс тауып,
Өзі əзер құтылыпты атқан оқтай.
Арғынның батыры еді бұл да күшті,
Ақынның келетұғын жырлағысы.
Қарасай сарбаздары болмағанда,
Бітетін еді мүлдем шындап ісі.
Ағынтай Қарасайдың панасын ап,
Беттеді Ойрат жатқан даласын ап.
Алмақшы осы жолы кеткен кегін,
Көрмекші өзін тағы дара сынап.
Ойраттан шықты ортаға Ойған батыр,
Қанына қазақтардың тойған батыр.
Орнына Қарасайдың Ағынтай кеп,
Салмақшы болды өзінше сойқанды ақыр.
«Жекпе-жек! Жекпе-жек!» деп тасталды ұран,
Төгуге жауыздықпен басталды қан.
Шайқасты шаңға батты екеуі де
Туғызып қайырымсыздық аспанынан.
Бірі сілтеп, екіншісі қағып тастап,
Түймесін қанішерлік ағытты асқақ.
 Екеуі басты азуын ыза кернеп,
Кетпекші бірін-бірі жарып тастап.
Бір кезде күңіреніп дала қатты,
Ағынтай аттан ауып бара жатты...
Осы сəт
екі көзі отқа толған,
Қарасай «Қарасайлап!» дара шапты.
Ұранды естігенде Ойған батыр,
Қанына қазақтардың тойған батыр.
Көздері қараутып, есі шығып,
Көңілі быт-шыт болды ойран-асыр.
Бұл Ойған жорықтарда көпті көрген,
Талайды талқандаған көк тіреген.
Өткенде Алатаудың баурайында,
Мықтап бір Қарасайдан соққы жеген.
Сақталған содан аты көңіліне,
Тоқтамай Іленің де өңіріне.
Айналып Сарыарқаға келіп еді,
Мінеки, қауіп төнді өміріне.
Аспанға қолын жайып, басын иді,
Атасын аузына алып, «асыл, игі».
Қас батыр ат тізгінін ірікпестен,
Қалмақтың батырының басын қиды.
Мұны естіп Орта жүздің батырлары,
Өзара қуаныштап тақымдады.
Қарасай жайлы талай толғау толғап,
Қанатын жайды еркін ақын жағы.
Ағынтай аман қалып бір өлімнен,
Жорықта Қарасаймен жүре білген.
Сенімді достық орнап ортасында,
Бір-бірін түсініскен жүрегінен...
Ажалы Қарасайдан Ойған өлді,
Дегендей басқыншыға ойлан енді.
 Кек алу үшін оның екі ағасы,
Жобалап алдын ала қойған еді.
Тойылы, Қарақалды есімдері,
Қоршауға ап Қарасайды бесін кезі.
Бастады шабуылын шамырқанып,
Алмақшы батыр басын кесіп өзі.
«Бағындық» деп күзетші қолды алдап,
Лап қойды тұтқиылдан мыңдай қалмақ.
Арқаның шаңы аспанға бұлт боп шықты,
Жауыздар көп жасақты қойды жалмап.
Соғыста адам қаны су боп ақты,
Көзсіз бас, қолсыз дене тулап жатты.
Тігіулі киіз үйлер отқа оранып,
Кемпір-шал, бала-шаға шулап жатты.
Созылды қанды майдан неше күнге,
Өлгендер жоқ ешкімнің есебінде.
Бейкүнə бейбіт жатқан ел қырылды,
Жолығып қанішердің кеселіне.
Түйілді барлық қазақ жұдырық боп,
Құйғытты барлық батыр жұмылып кеп.
Қалмақты жер қайысқан жер жастады,
Дегендей қазақтарды ұғынып кет.
Болмады Торғауыттың ойлағаны,
Қосылмай қожырады ойдағы əні.
Қаңғыса қара төбет мерт болады,
Қалмады көп болғанмен сайда саны.
Осылай тоз-тоз болып талқандалды,
Қайрылтып қанатынан қанша арманды.
Жан беріп жан алыста Қарасайды,
Ойғанның екі ағасы «қарсы алған-ды».
Қарасай ойланбастан қағып өтті,
Ажалдан лапылдатып жағып отты.
Тойылы мінген аттың жалын құшып,
Бұрханның ауласына жаны кетті.
 Топтанып Қарасайды қоршап алды,
Толтырып тобырымен жол-жағаны.
Батырдың басын алып қоржынға сап,
Əкету еді олардың ойлағаны.
Қарт батыр Ошыбай кеп шалма тастап,
Əкетті Қарақалды алмағаштап.
Осылай Торғауттың бір ноянын,
Өлтірді тасқа ұрып, жарға жастап.
Сезді де келмейтінін бірақ əлі,
Ішінде ит ырылдап тына қалды.
Қалмақтың тағы бір бас батыры
Шіреніп таралғысын тұра қалды:
– Кім жеңсе айтқан сөзін орындалық,
Көндірсін, сарбазы мен қолын алып.
Жеңілсем оралмауға серт етеміз,
Қайтуға өз жеріме жолым анық.
Шығыңдар! Жекпе-жекке маған келіп,
Саналсын шешуші бұл қадам болып, –
Дегенде топ бастаған батырлардан.
Алдымен шықты Алатау қадам бөліп.
Қолында Бөрілі ту желбіреген,
Шығарып өр дауысын өндіре кең.
Қарасай жолын алды Алатаудың,
«Уһ!» деп бір алды демін ел жүдеген.
Астында ал қара ат арындаған,
Қарасай: «Қарасайлап!» барын салған.
Сілкінді тауда жартас, ойда орман.
Айтады Арқа желі сарындап əн.
Жусаны, селеуімен бас көтерді,
Жанышқан ат тұяғы босқа оны.
Қаһарлы Қарасайдың даусын естіп,
Тоқтады «Елім-ай!» деп көшкен елі.
Тіледі асқан батыр оң сапарын,
Ел болып Арқадағы сонша қалың.
 Бұлттай жел айдаған аспандағы,
Қашан бұл сейіледі қоршаған мұң.
Екі алып кең алқапта сайыс салды,
Тер сіңген терліктен аз қайыс қалды.
Ересен екпіндерден ебі соғып,
Белгісіз қайсынан қайсысы əлді.
Найзалар быт-шыт болып ұсақталды,
Алдаспан бөлшектеніп пышақ болды.
Қалқандар қалқан емес талқан болып,
Жармақтай жай темірге ұқсап қалды.
Қолында қос батырдың түк қалмады,
Бір-бірін жеп қоярдай сұқтанады.
Сол кезде əнжімадан шоқпарын ап,
Қарасай оңды-солды соққылады.
Елестеп көз алдына Құлансазы,
Қазақтың аспанынан жыр аңсады.
Дұшпанның құтын алып, тітіретіп,
Қас батыр «Қарасайлап!» ұран салды.
Қақпақ тас,
Қарағайлы теңселгендей,
Қайрылды дұшпанына «келсең, кел» дей.
Желбіреп жел төсінде Бөрілі ту,
Сілтенді шойын шоқпар ел сенгендей.
Бəйгенің сияқтанып аламаны,
Бұл сайыс бəрінен де дараланды.
Төбедей төңкерілді құрған қалмақ,
Аузынан бұлақ болып қара қаны...
Ерлердің ерлік ісі əсте өлмеген,
Атақты іздемеген əскерменен.
Қазақтың ірілері ол заманда,
Ұран ғып өз аттарын қастерлеген.
Қарасай соның бірі асқан батыр,
Өткізген атқан оғын тастан да кіл.
 «Қарасай» айбаттан соң жұлдыз болып,
Жауынан елін қорғап аспанда тұр.
Бұл аңыз ел ішінде масаттанған,
Жауларын күйреткен соң жасақталған.
Жеңіске Есім ханның еңсесі өсіп,
Иығы көк тіреуге аз-ақ қалған.
«Ошыбай!»,
«Сүйіндік» деп,
«Алатаулап!».
Көтерді Қарасайды алақанға ап,
Үш жүздің батырлары біріккенде.
Телмірді қара жерге қара қалмақ.
Арқада абыздардан бата алып,
Қалғандай Қарасай да сақаланып.
«Қазақтың батыр Қарасайы» деген,
Айыртау жаққа аттанды, атақ алып.
Ұқпаған ол заманда жерлестікті,
Ардақтап ұлы төрде ел бесікті.
Қаймана қазақ болып аталғанда,
Ұғынған тыныштық деп елдестікті.
Самғайтын асқарында қыраны боп,
Қазақтың кемелденген ұланы көп.
Болса да Шапыраштыға алтыншы ұрпақ,
Келеді қасиетті Ұраны боп.
Толғайтын ойлар көп қой, бұл ғалам да,
Бұлбұл боп қалмауың қақ бұлдағанға.
Бақыттың баяны деп ұғынамын,
Бабаны Қарасайдай жырлағанға.
Жырлаған Сүйекем де, Жамбылым да,
Жосылып үлкен жолдың даңғылында.
Əлі де талай ақын толғанады,
Ақ бурыл тартқанымша əн-ғұмырда.





Пікір жазу