12.02.2022
  339


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚАРАСАЙ БАТЫР

Қазаққа жалпақ жатқан жара салған,
Жау беті қайтарылды Алатаудан.
«Сақтықта қорлық жоқ» деп,
Сонда дағы –
Елді жер ұйықтамайды ала таңнан.
Малын да, бастарын да күзетеді,
Қисығын тезге салып түзетеді.
Бір уақ дамылдатып жігіттерді,
Қолға алып қорамсақты қыз өтеді...
Аттардың алынбайды ауыздығы,
Түгемей ойраттардың жауыздығы.
Қазақтың ертеңгісін қарттары айтты,
Ғажайып көріпкелдей тəрізді ұлы...
«Мына жау кеткенменен Ұлы жүзден,
Болмайды əлі біздің күніміз кең.
Күш жинап алғаннан соң, қуаттанып,
Қайырылып ойрандайды үйімізбен» –
Деп талай уағыз айтты Дəулет би де1
,
Қу жанын дем алғызбай əуре етті де.
Бастарын жаңа қосып жатыр еді,
Шынтақтап құсжастықты сəулетті үйде.
Жаушылар келді Арқадан арып-ашып,
Желқақты жүздерінен қаны қатып.
Қарсы алды.
Барлық жағдай түсінікті,
Сөйлесті бір-бірімен танығансып...
Шөлдерін басқаннан соң ағытты кеп,
Жаушылар жанарынан жақұт үдеп.
Қара Ертіс қарақатты тауын өрлеп,
Қалмақтың шыққандығын бағыт түзеп.
1 Шапырашты Асыл руының биі.
 Тағы айтты суыт жүріп жеткендігін,
Тау асып, шөлді басып өткендігін.
Жаушылар жарақтанып, батыстағы
Кіші жүз жаққа қарай кеткендігін.
Жалпақ бет, қысық көзді, татыр маңдай,
Шашы бар бастарында қатындардай.
Сөйледі қаптап келе жатқандығын,
Қазақтың кең даласы шақырғандай.
Керей мен найман, арғын, уақтардан
Батырлар іріктеліп дүр аттанған.
Жауларға жер қайысқан төтеп берер,
Күштердің өзі үлкен сұрақ болған.
Ошыбай, Алатау мен Ағынтайлар,
Аттары астындағы сағымша ойнар.
Қаскөй көп.
Қас батыр аз болғаннан соң,
Ерлердің еңіреген бағын байлар.
Қазақтың Есім ханы болған кезде,
(Хикая таусылмайтын ол қазірде).
«Ақтабан шұбырынды» басталыпты,
Алты арыс мекен еткен Орта жүзде.
Байжігіт күй атасы тебіренген:
«Алқакөл»1
, «Сұлама»2 боп, «Көбіккелген»3
.
Егіліп «Елім-ай» деп еңіреген.
Толыбай сыншы ұлы Қожаберген.
Ол күйді тау тыңдады, тас тыңдады,
Атанған жетім-жесір жас тыңдады.
Əуезін күңіренген жел көтеріп,
Қураған қу далада бас тыңдады.
Мұңайып Айдынкөлде қу тыңдады,
Молайып Жасылкөлде су тыңдады.
Айырылған балапаннан сұқсыр үйрек,
Қанаты солбырап сусылдады.
1, 2, 3 Байжігіттің сол тұста шығарған күйлері.
 Толқыды арналарын көл лайлап,
Толқындар жүгіреді өлім айдап.
Қазақтың төңкерілген аспанында,
Бұлттар егіледі «Елім-айлап!».
Жағдайды оймен шолды Жаныс биі,
Күйдірді тұла бойын жан ыстығы.
Бұрылды ойлы түспен Дəулет жаққа,
Белгілі болды енді аңыс сыры...
Құп алып жаушылардың айтқандарын,
Қиналды жол азабын тартқандарын.
Өзара ақылдасып би, ақсақал,
Жөн көрді шұғыл қайта қайтқандарын...
* * *
Қабақты, қара торы, еңгезердей,
Екі иығы екі тай теңдегендей.
Сығымдап алдаспанын балуан қолы,
Былайша ақтарылды «Ел» деген ой:
«Жамағат, қозғалдық!
Жылдамырақ!
Болса да соншалықты күн аңызақ.
Арқаға жеткенше де уақыт керек,
Батады, талай шығып, күн дамылдап.
Көнеміз бұлда Алланың салғаны деп,
Күшіңді сынар дүние салмағы көп.
Отырман жас балша от басына,
Елі үшін туған ердің арманы жоқ.
Жүрегім толы менің сан арманға,
Жан əке, сен биіксің балаң барда.
Бата бер, ақсақалдар аттанамын,
Иə, Аруақ!
Шапырашты бабам қолда!» –
Деді де Қарасай кеп, қолын жайды,
Бəрі де айтқанының орынды, ойлы.
 Білдірді бірауыздан ықыласты,
– Болсын, – деп, – сапарың да жолың оңды.
Қашанда жарлы байып, жас өседі,
Тіршілік бір-бірімен бəсекелі.
Оң жақтан түрегелді,
Ол – жас жолбарыс
Қарасай батырдың əкесі еді.
«Жаным да бірге сенімен,
Таңым да бірге сенімен.
Тапсырылған өзіңе,
Бөрілі байрақ сеніммен.
Қарағым, болсын жолың оң,
Өс, есейіп сонымен.
Туыңа мəңгі берік бол,
Ұстаған Жанай1 қолымен.
Бөрілі байрақ жаныңдай,
Бөліспес байлық, малыңдай.
Боласың берік болаттай,
Бөрілі байрақ алынбай.
Қоздырған дұшпан күйігін,
Қазақтың мен де бірімін.
Бөктеріне жау келмес,
Бөрілі байрақ – биігің.
Бөлінбес менің ұраным,
Бөрілі сенің байрағың.
Желбіреп тұрса қолыңда,
Жеңіске толар аймағың.
Арманың алда жететін,
Асқарың алда өтетін.
Қазақ болып туған соң,
Қазақтың жері мекенің.
1 Екей мен Есқожаның інісі Жанай батыр қартайып, Бөрілі байрақты
Қарасайға тапсырған.
 Жылдам болғың оқтан да,
Жауды оңтайлап соққанда.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай жүректі.
Жолың болсын жортқанда.
Бөрілі сапты найзаң да!
Болымсыз іске айлан ба?
Бөрілі байрақ көтеріп,
Бөрідей шап майданға?! –
Осылай бата беріп Алтынай қарт,
Сөйледі емін-еркін халқын ойлап.
Тапсырып Қарасайды Жасағанға,
Жасады «Аллауакбар» салтын ойға ап.
Сарбаздар сапқа тұрды салмақтанып,
Босатпақ Сарыарқаны, қалмақты алып.
Желбіреп оң қолында Бөрілі Ту,
Қарасай топ бастады саңлақтанып.
Жайылып жайнамаздай алақаны,
Өрісте үйірімен мал аталды.
«Аруақтап!»
Ақ тілекпен қалды жұрты,
Ардақтап жолына айтып ақ атанды.





Пікір жазу