11.02.2022
  309


Автор: Құл-Керім Елемес

ӨЗЕК СӨЗ

Бисмилләһир Рахманир Рахим
Менше әдебиет арлының ісі. Олай болатыны әдебиет өз алдына бола
қалатын іс емес. Оны тудыратын адам – әдебиетші. Міне сондықтан оны тудыратын адам арлы болмай ол тудырған әдебиет әркез арлы болмайды. Демек,
әдебиет өзін тудырған әдебиетші арлы болмай арлы болмайды. Мұнда ардың
адамдағы өзін жаратқан Иесіне болған оның шүбәсіз сенімінен келетінін ескерсек, әдебиетті тудырушының Иесіне болған кіршіксіз сенімінің бар, не жоғы,
ал бар болса қай дәрежеде екені бірінші көзде ұсталмақ. Демек, әдебиетті тудырушы Хақ тағаласына сенімде шүбәсіз болса, ол тудырған әдебиет сөзсіз
арлы болмақ. Немесе әдебиет иманы берік жүрек иесінің пайымынан барлыққа
келу арқылы арлы әдебиет ретінде өмірлемек. Анығында ол деңгейге жеткен
әдебиеттің болмысында таза емес сөз бен пайым болмайды. Діңі мен ділі
Хақ тағала кәламынан болады. Тұтасымен түзелген сөз болады. Ондай сөз
тыңдаушысын да түземек...
Мен өзіме тән жазушылық өмірімде бұл іске, Аллаһ тағаланың нәсібімен,
міне осы мөлшерден үңілдім де. Қолдарыңыздағы жинақ (және «Жарыққа
махаббат» атты кітабым) осы ойымның қазірінше мен жеткен мені. Мұнда
(және «Жарыққа махаббатта») бұған дейін жазған дүниелерімнің арлысы мен
нұрлысы (кейі қайтадан өңделіп) топтастырылды. Әрі бұл (екі) кітап осыған
дейін жазғандарымның негізгі шоғыры да. Себебі бұл (екі) кітапта жаңа
жырларым мен ескі жырларымның мақсаты үндестірілген. Бұл мақсат пен
талапқа үндеспегені мен жауап бере алмағандарын тастадым... Сондықтан ол
дүниелерімді оқырмандарымның (тіпті керек болған жағдайда да бұл екеуінен)
өзге кітаптарымнан іздемеуін талап еткен болар едім...
Құрметпен Құл-Керім ЕЛЕМЕС





Пікір жазу