11.02.2022
  125


Автор: Құл-Керім Елемес

МҰХИТДИН ИСА

Хатыңды алдым Мұхитдин, бауырым-ай!
Маңдайын нұр – Күн өпкен, сауырын Ай.
Мысыр, Сирия, Хақ діні жәйлі айтқан,
Расында ойыңның ауырын-ай!
Әлем жұрты шынымен қарап отыр,
Бауырына талатып бауырын-ай!..
Әншейінде «еркіндік» деп қақсайтын,
Батыс, шығыс қайда сол қауымым-ай!
Еркінсіздік Мысырда боп жатса да,
Болмағандай еш... үнсіз қалуын-ай!
Қолдан келер дәрмен жоқ, шыныменен
Тек көңілдің өксуі-ай, налуын-ай!..
Неге бірлік жоқ боп тұр мұсылманда?
Біріксе тең келер кім мұсылманға?!
Хақ Құраны қолында – хақиқаты,
Аллаһы бар жебейтін қысылғанда!
Дін «тілде бар, ділде жоқ» боп тұр ма рас,
Неге бірлік жоқ боуда мұсылманда?!
Дініндегі бірлігін ұстап берік,
Діліндегі иманын ұшбақ көріп,
Бір жаға бас шығарса, бір жеңнен қол,
Кімнен зардап тартар ед қыспақ көріп?!
Жол бергесін малғұнға арадағы,
Көңілдердің ұлғайып қара дағы,
Мұсылманды мұсылман қырғындауда,
Жан, тәндегі асқынып жара дағы...
Бірге қуса шайтанды арадағы,
Нұрға айналып жүректің қара дағы,
Ғаламдағы ықпалы, бірлігі артып,
Мұсылманның жанар ед дара бағы!
Мұсылманның жанғаны дара бағы,
Бөлшектеулер жойылып арадағы,
Адамдардың рухы рахат тауып,
Күллі әлемнің өшкені ед қара дағы!
Мұны кейлер білгесін ерегесіп,
Бойындағы малғұндық дерегі өсіп,
Арасына мұсылман жік салуда-ай,
Дұшпандыққа жатуда-ай өле көшіп...
Отырған жоқ оны ешкім тағы білмей,
Білсе дағы ақылға тағы да ілмей,
Ібілістің сөзіне бек еріп тұр,
Кейдің берсе болды өзі бағы гүлдей...
 Негізі Адам баласы үндес еді,
Рухы иман, жүрегі діндес еді!
Бірақ соны түсінбей тегіс бәрі,
Көп дінденіп өз ара күндеседі...
Міне соның кесірі Мысырдағы,
Басқа былай тірлікті ысыр дағы,
Осыны шеш дүние, ей, таубаңа кеп,
Көңіліңнен өштікті ұшыр дағы!
Жасап жатып анығы бір мекенде,
Болғандықтан сенімде БІРге кенде,
Алты бақан алауыз боп отырсың,
Ауаны бір, тамақты бір жесеңде!..
Түсінсеңші ақылды, мініңді, адам!
Ойласаңшы екі өмір күніңді, адам!
Адамдығың, бірлігің анығы шын,
Хақты қақтар жалғыз Хақ дінінде, адам!..
Имамдарды біздегі қаралауы,
Жоқтың ісі анықты саралауы...
Бауырым-ай, түсіндім жан даусыңды,
Ол шындықтың жаныңды жаралауы...
Алғашы мен қайы хат түсінбедім!
Өлеңдеріңді оқыдым күшіндегі.
Өлеңдеріңді оқып ап күшіндегі,
Мәніне ептеп мән бердім ішіндегі...
Екеуі де жақсы өлең, дұрыс бәрі,
Емес екен анықтан жыр ұшқары.
Хақтың хақ Хақ екенін білдіріпсің,
Болса құяр құлақтар құрыштары...
«Хат жазып ем Құл-Керім Елемеске,
Елер ме екен, білмеймін, елемес пе?!»
Депсің, бауыр, неге мен елемейін,
Елемеуім сұмдық та, жөн емес те!
Хатыңа хат осылай жазып салдым,
Оқыған жұрт жақсы еді-ау өнеге етсе!
Әссәләму ғаләйкум, Мұхитдинім!
Өз алдына ілімде мұхит-ты інім!
Хақ жолында бір болып бағытымыз,
Хақтың бірге жүзейік мұхит – дінін!
Иншаллаһ!
2013.9.2





Пікір жазу