11.02.2022
  140


Автор: Құл-Керім Елемес

БАЛАМ

Балам, сенен күтетінім көп менің!
Мынау сенің шешек атқан көктемің!
Тек Хақты сүй, бағың жанар сөйте алсаң,
Бағы жанар тек Тәңірін өпкеннің!
Балам, айтқан сөздерімнің сырын ұқ,
Нәпсіге еріп қалма өкініп, сүрініп...
Жастығыңды таусып алма тақатсыз,
Сезім билеп тағдырсызға ұрынып...
Хаққын сүймес айналады ғапылға.
Хаққың сүймей қалма айналып ғапылға.
Балағат пен үйленудің арасы,
Сынақ құлға...
Шайтанға еріп шатылма!





Пікір жазу