11.02.2022
  203


Автор: Құл-Керім Елемес

ҚОЖА

Күнде сенің оқитының Құран ба, әлде жыр, ән бе?
Болмас шындық өзегінде Құраны жоқ жыр, әнде!
Хақты таныр хақиқаттан құры қалдым деп түсін,
Құранды алмай есіңе түк болса ойың тек жыр, әнде!
Хақты қақтар өзегінде болмаса нұр сөзіңнің,
Болмағаны хақиқаттың болмысыңда өзіңнің.
Өмір сүріп дүниеден өткеніңмен адам боп,
Екі әлемдік хақ шындыққа жетпегені көзіңнің!
Ол деген сөз – адам болып келгеніңмен өмірге,
Неге келген мақсатыңды түсінбеуің өмірге!
Нәпсі менен шырмауында лағынеті шайтанның,
Ақылыңмен өз-өзіңнен аса алмауың өмірде!
Сөйтіп атақ, қуып байлық, қамыменен қарынның,
Күшін сезбей жүрек, қайрат, жауһар ақыл, қарымның,
Дүниеге ашық келіп жабық күйі өтуің,
Олардағы Хақты таныр көзін ашпай дарынның.
Ашылады адам дінде,
Дін адамның жобасы*,
Жобасы жоқ емес адам, халал ісі, жоқ асы!..
Адамды ашар жүрек кілті – Ләә иләәһә илаллаһ,
Дінде ашылған адам ғана болмысының қожасы!
*Жоба – программа





Пікір жазу