11.02.2022
149
![](/uploads/shorttexts/author_image/bcfbf60b4fa8677238ad1be1a5ba8912-1000x.jpg)
НАҚЫЛ
Ақыл айтам, бері қара,
Әппақ, балам, ақылды.
Шөліндей боп Кербала,
Қармап қалма тақырды.
Сөзіңді өзің бақылап,
Қосып сөйле нақылды.
Ақылы жоқ ақымақ,
Тыңдамайды ақылды.
Ақылы бар ақылды,
Болам десе, егер, «ер»:
Үлгі тұтсын нақылды,
Көсегесі көгерер!
Шын нақыл – ол Құран хақ,
Сосын сөзі Пайғамбар.
Екеуінде (жүр аңдап),
Екі әлемдік пайдаң бар!..