meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.02.2022
  145


Автор: Құл-Керім Елемес

ЕГЕЙІМ – ЕЛІМ

Егемен болмай Ел болмас
Махамбет
Сан шүкір, Аллаһ,
Әлхамдулилләһ, төр меңде!
Егейім – Елім, жендеттерге енді жерленбе!
Қақ жарып түнді самұрық – жүрек сарнап тұр,
Кешегі шерлі тілі бар тілсіз шерменде!..
Сарнап тұр әне миллиондардың тілінде,
Ақ алмас – арым жарқылда тілім, ділімде.
Ділімді бұзып,
Тілімді кеспей... жерге енсін,
Шығыста шырқап Ағжарық әмсе күлімде!
Күлімде әмсе жау жасып жалт-жалт қарасын,
Нұрымен Азан Жер – ана жазсын жарасын...
Мейіріміңе дінсіздің қатқан ділі еріп,
Хақ ақиқаты қанатын жая тарасын...
Сілкініп жылдар,
Бұлқынып жылдар аққанда,
Арыңа сенің арсыздар күйе жаққанда,
Жексұрындардың жөргегінде үнін өшіріп,
Миллион шырқар айналдың, шүкір, мақтанға!
Ғасырдың бұла қойнауларында сан қатпар,
Іздерің қалды мағынам менің – мандаттар!
Ізіңде жатыр өшпейтін ілкі тарих,
Жүзіңде жатыр кетпейтін табы қан-дақтар...
Жер шатыната жетелі жырым кернесін,
Ғаламның әнін,
Ғасырдың басып пернесін.
Хақ жар боп биік зымқаған бастап Сұңқарға,
Үндесіп хақшыл сұңғыла Ел неге ермесін?!
Ереді Елім,
Биікке бірге самғайды!
Хақиқат барда хақ жолдан арым танбайды...
Нұрына Хақтың малынып мекен тұрғанда,
Сүмелек сұмдық аулаққа кетсін қам-қайғы!
 Аулаққа кетті...
Кешегі жоқтық кемес-ті!
Кереметтермен кеңістікте ойың кеңесті...
Жұлдызы жанып бақытты елдің бағының,
Тектілерменен терезелері теңесті!..
Планетаның бойлығы менен ендігін
Қос қанат етіп самғадың...
Самға Сен бүгін!
Сен ғана мынау сенімді аз,
Серт кем заманда,
Сақтай аласың ғаламның тепе-тендігін!
Иншаллаһ!





Пікір жазу