11.02.2022
  112


Автор: Құл-Керім Елемес

БИБІНІҢ ТІЛЕГІ

Гүлнәрім-ау,
Гүлнәрім!
Қанып іштің гүл нәрін.
Көгілдірі ең Жайықтың,
Аққу етті гүлзарың.
Гүлнәрім-ау,
Гүлнәрім!
Ақ Жайықтан мен де іштім,
Ақ Жайықтан мен де ұштым...
Қиырыңды бетке алып,
Қияныңа сен де ұштың...
Қияныма мен де ұштым...
Артығайма, пәсейме,
Әуейленбе әсейге.
Отауыңа оттай бол,
Отаныңа қасейме.
Артығайма, пәсейме!
Гүлнәрім-ау – Жібегім!
Мен өзіңмен жұп едім.
Ұшқаныңа ұшпағым,
Жарылып тұр жүрегім!..
Жібегім-ау,
Жібегім!
Ортасында өрен кіл,
«Төлегеніңді» төрең біл!
Жаттың жаттық сөзіне,
Қосқұлынды* керең қыл!
Төлегеніңді төрең біл!
Қиырымызды бетке алып,
Жүрегімізді «от» қарып,
Сағыныссақ ұшайық,
Сүйіспендікке боп қарық,
Ақ Жайықты бетке алып!..
Гүлнәрім-ау,
Гүлнәрім!
2001, ақпан
*Қосқұл – құлақ





Пікір жазу