11.02.2022
  166


Автор: Құл-Керім Елемес

ӨСИЕТ

Әл-Мисақта Аллаһқа қылған серт
Құл едім нұр толған кесеме.
Қайтсам мен пәниден, қылғам серт,
Басыма орнатпа кесене!
Не жазса, сол болмақ талайым,
Нұр* оқып бағышта есеме...
Жерменен жер боп-ақ қалайын,
Басыма орнатпа кесене!
Басыма орнатсаң кесене,
Барзаққа барар-ды шатағы...
Тіріге қалатын нешеме,
Болғанмен арзандау атағы...
Тәнімнің атасы – топырақ...
Жермен жер бола алсам бақытым.
Топырақ қабірде тоқырап,
Ақыр күн күтемін бақытын...
Аллаһтан қалмасын алшақтап,
Ұрпағым кезгектеп кесене...
Құл болсаң Хақ жолын ал хақтап,
Басыма орнатпа кесене!
Сөйт!
2002.3.29
*Нұр – Құран





Пікір жазу