11.02.2022
  171


Автор: Құл-Керім Елемес

ҚАРАҚҰРТ

Құлы едім Хақтың,
Елемес шалдың қарағы.
Нұрлап тұратын жүректің аппақ парағы.
Қайран көңілді қап-қара қылып харамға,
Көңілшек көзім қадалып қанша қарады!
Харамға қарап қара көз қанша талмады?
Қарайған көңіл қайдағыны еске салмады?
Жақсылықтардан жалмандап тапқан жарықтың,
Қарақұрт – нәпсі қарасын қоймай жалмады.
Қарақұрт – нәпсі жасындарымды жалмады,
Жат қылықтардан жанымда жарық қалмады.
Қаңбаққа айналды қазан – басымдағы қалың ой,
Азғындап иман,
Ақылдың айнып салмағы.
Тағдыр бекіту Аллаһ алдында қиын ба!
Игілік кетіп, қиғылық қалды миымда.
Қақымды өлтірдім харамды қорек етем деп,
Менің мендігім татымай қалды тиынға.
Бар, не жоқ қылу Аллаһ алдында қиын ба?
Жоқ!!
2002.4.1





Пікір жазу