11.02.2022
169
![](/uploads/shorttexts/author_image/bcfbf60b4fa8677238ad1be1a5ba8912-1000x.jpg)
АҚ ПЕН ҚАРА
Қараңғы жарықты көрмейді,
Қараңғы жарықта білмейді.
Қараңғы жарықты кернейді,
Қараңғы жарықты күндейді.
Қараңғы жарықты қуады,
Қараңғы жарықты ұтады.
Қараңғы жарықты туады,
Қараңғы жарықты жұтады.
Қараңғысы ұқсайтын ымыртқа –
(Пендеге мағұлым арысы...)
Ғалам – бір қап-қара жұмыртқа,
Күн – оның ішінде сарысы.
Толып та тұратын, арып та,
Пенде – құл – халифа миятты.
Нұрлысы ұқсайды жарыққа,
Нұрсызы қараңғы сияқты...
2002.3.31
* «Егер Біз осы Құранды бір тауға түсірген болсақ, сол таудың Аллаһтан қорыққанынан бас иганін, быт-шыт болғанын көрер едің. Осы мысалдарды Адам баласы (Аллаһтың құдіретіне) ой жүгіртсін деп баяндаймыз» «Хашыр (сүргін)» сүресі, 21- аят.