11.02.2022
  248


Автор: Құл-Керім Елемес

КІНАЛАМА


Тым-ақ биіктен құлап барамын...
Жаттыққан едім жасын көзінде.
Сәл-л есіркесең жылап қаламын,
Жабығып тұрмын жасын кезімде.
Жарқылдап едім жасын көзінде,
Отты ұрттап алып, кіл жалын бүркіп.
Ібіліс ойнап қасым, көзімде...
«Алмасын» аңдып Құлжаның бір түп...
Обалды білмей,
Сауапты білмей,
Балалық бағлан өтті басымнан...
Тағдырға налып, тауапты білмей,
Айырмас күндер отты жасынан,
Өтті басымнан!..
Кінәлама!





Пікір жазу