11.02.2022
  150


Автор: Құл-Керім Елемес

ЖЫЛЫЛЫҚ

Әмірі-ай, Аллаһ әмірінің!
Айыртып ойдың ақ, көгін,
Құзырына ұйып Тәңірінің,
Жыр жазу қандай тәтті едің?!
Тұла бойымды кернеген,
Өз отыма өзім жылынып,
Нұрланып мұндай көрмегем,
Қандай бұл жүзді жылылық?!
Қандай бұл жүзді жылылық,
Мәнімді майдай еріткен?!
Өз жүрегіме өзім жылынып,
Жалғаннан барам жеріп мен!
Сан шүкір, Аллаһ, аһ, Нұрым,
Жыр етіп жырдың жекейін,
Кетіріп жанның дақ-кірін,
Құдыретіңе құлдық етейін!
Нәсіп ет самғап жетейін?!
Әмин!
2002.3.16





Пікір жазу