11.02.2022
  129


Автор: Құл-Керім Елемес

ДҮНИЕ-АЙ

Өскендей өзегінен жарып тастың,
Сәл-л өрлеп милыққа ала жарық бас Күн
Жарқ етіп Жалған жаққа қарап қап ед,
Зытты-ай кеп зілдей қара жарықта аш Түн...
Қараңдап құйрық жағы жатты бара...
Өткендей Аспан кешіп атты қара.
Тұншыққан түніменен Түн астында,
Шық – терге шүпілдеген бақты қара!..
Дүние-ай, шүпілдеген нұрға мәңгі,
Шыңыраудан шығарады ырғап әнді...
Дүниені дүлдүл күндер аунатқанда,
Бір жарық алмасады,
Бір қараңғы...
Дүние-ай!..





Пікір жазу