11.02.2022
  134


Автор: Құл-Керім Елемес

КІММІН?

Көзімді жұмсам түнмін,
Жұлдыздап тұрады аспаным.
Осы, мен, осы кіммін?
Басымдағымнан басқамын...
Түнімді жарып әппақ,
Күн туып келе жатады.
Ағарып аласақсақ,
Танакөз таңым атады.
Іргемді сілкіп, түріп,
Рухымның ақ «күн» – шырағы,
Жүрегімді тінтіп кіріп,
Шашырап, нұрлап тұрады...
Нұры оның ғажап, басқа,
Һәммәға ол нұр сыйланбас.
Жүрегі қара тасқа,
Айтқаныңменен иланбас...
Көзімді жұмсам түнмін,
Жұлдыздап тұрады аспаным.
Осы, мен, осы кіммін?
Әуелдегімнен басқамын!..
Қызық, ә!





Пікір жазу