11.02.2022
114
КӨЛЕҢКЕ
Көлеңкемді оқимын,
Ұзарады, қысқарып...
Жүрегіме тоқимын,
Жеткізбейді қысқалық.
Сәскеде еді ол артымда,
Тал түсімде табанда.
Қосып қара барқынға,
Қалды ілініп бағанға...
Жүрсем бірге жүреді,
Тұрсам бірге тұрады.
Сыздай ма екен жүрегі?
Жана ма екен шырағы?
Ұзай-ұзай ұласты,
Көкжиекке бір сіңіп.
Созып барып құлашты,
Баттым Түнге күрсініп...
Көлеңкем тіл қатады,
Қысқарады, ұзарып...
Баты-ып бара жатады,
Күнмен бірге қызарып...
2002.2.12