11.02.2022
  93


Автор: Құл-Керім Елемес

КҮНДІЗ

Күндіз Түннің тумасы,
Күндізді еміп күн көріп
жүрген жанмын, турасы –
Күндіз тірі, түнде «өліп»...
Жарықпенен жарықпын,
Қараңғымен қараңғы.
Жана берші жарық Күн,
Өшірмейін қарамды...
Әмин!
2002.2.3





Пікір жазу