11.02.2022
  120


Автор: Құл-Керім Елемес

ҚҰРСАҚ

Қараңғы ғайыптың құрсағы,
Күн одан туады інгәлап.
Дүниеге толтырған нұр сағым –
Сәулесін құбылтып мың жолақ.
Бұл сөзім сендірмес сараңды,
Шындықты көремін түсімде...
Дүние әсілі қараңғы,
Жарығы қараңғы ішінде.
Сен де бір дөңгелек дүниесің,
Сенің де қылғаның далбаса.
Жарқ етіп алатын дүние есін,
Ішінде жарығың болмаса!
2002.1.19





Пікір жазу