meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.02.2022
  153


Автор: Құл-Керім Елемес

ҚАЗАҒЫМ

І
Ауел баста Адам ата ұлы едік,
Әл-Мисақтан бір Аллаһқа құл едік.
Сосын ата Нұқтан қайта таралып,
Қазақ болып,
Ғажап болып түледік...
Содан бері мұсылманбыз біз деген,
Біз қазақпыз тек әділет іздеген.
Жерден ауыр күн туса да басына,
«Хақ Аллаһ» деп Хақтан күдер үзбеген!..
Солай едік,
Бүгін халқым қандайсың?
Тек бықсисың, сөнбейсің, не жанбайсың.
«Абай» дейсің аузы-мұрның қисаймай,
Абай айтқан ақиқатқа нанбайсың.
Парықтамай қараңғы мен жарықты,
Анықтамай залым менен ғарыпты,
Иманы әлсіз рухыңды сүйреткен,
Тән байқұсың Хақ нұрына зарықты.
Маймыл менен көкбөріге телініп,
Бірліксізден таусылдың-ау желініп.
Аз болғандай бөлінгенің үш жүзге,
Енді дінде барасың ба-ау, бөлініп?
Тас, аруаққа етпей құлдық, қазағым,
Хақ Аллаһқа ет сәждеңді, ғажабым.
Ұстап тұрып қабарсыз қап Құраннан,
Екі әлемнің тартып өтпе азабын!
ІІ
Тас, аруаққа етпей құлдық, қазағым,
Хақ Аллаһқа ет сәждеңді еңкей, бар!
Ұстап тұрып қабарсыз қап Құраннан,
Өлексеңмен толуда дөң, кең сайлар...
Екі әлемнің тартып өшпе азабын,
Өз ойыңша озып туған хандайсың.
«Абай!» дейсің аузы-мұрның қыйсаймай,
Абай айтқан ақиқатқа нанбайсың.
 Абай сенген хақ Аллаһқа сенбейсің,
Тек бықсисың, жанбайсың, не сөнбейсің.
Бар мен жоқтың арасында отырып,
Өбектейсің, «өзімдікі жөн» дейсің!..
«Аруақ» деп сеніміңді күйретіп,
Айырмастан қараңғы мен жарықты.
Нәпсіңде өлген рухыңды сүйретіп,
Тән байқұсың Хақ нұрына зарықты!..
Оянсай!
2009.03.08





Пікір жазу