11.02.2022
  99


Автор: Құл-Керім Елемес

СОЛАЙ

Топырақтан Адамды жаратқан,
Аллаһ!
Адамзатын Адамнан таратқан,
Аллаһ!
Жер жүзінде адамды ұлт, ұруға бөліп,
Бір-біріне бағынтып қаратқан,
Аллаһ!
Қалауынша жер бетін кең еткен,
Аллаһ!
Астын рызық, қазынаға кен еткен,
Аллаһ!
Біреу кедей, біреу бай болғаныменен,
Жаратуда адамды тең еткен,
Аллаһ!
Жаратуда адамды тең еткен,
Аллаһ!
Басқадан* тек ақылда кен еткен,
Аллаһ!
Сол ақылмен сенімде сыналу үшін,
Тақулықта артық, не кем еткен... Аллаһ!
* Басқадан – басқа жаратылыстардан





Пікір жазу