11.02.2022
  109


Автор: Құл-Керім Елемес

ӨТІНУ

Жалған дүниеге жармасқан,
Өтірік, шыны арбасқан тұлдырмын.
Жалғанды шындыққа қимаймын,
Ол жағынан шың емес, мидаймын...
Бар мен жоғы белгісіз бұлдырмын.
Дүрия нұрға ділгірмін.
Кешірші мені,
Ием?!
Кешірсең Сен мені кешірерсің,
Пенде кешіре алмас!
Өшірсең Сен ғана өшірерсің,
Пенде өшіре алмас.
Өйткені, пенде-пенде,
Сен Хақсың!
Сенімен пенде тең бе?
Сен Пәксің!
Сен Ақсың,
Сен Нақсың,
Сен Хақсың Ием!!!
2005.02.27





Пікір жазу